Түркістан облысында "жер қойнауын өз бетінше пайдаланған" қазақтар ұсталды

Түркістан облысы ПД
Отырар ауданында заңсыз құм өндіру фактісінің жолы кесілді.

"Таза Қазақстан" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Түркістан облысы ПД-нің табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар, сондай-ақ карантин кезеңінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды zakon.kz ТО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, тәртіп сақшылары Отырар ауданындағы рейдтік іс-шаралар барысында табиғатты қорғау инспекциясымен бірлесіп, ауылдардың бірінің жанында заңсыз құм өндірген және тасымалдаған жергілікті тұрғындарды ұстады. Полиция қызметкерлері тәртіп бұзушылардан құмы бар екі жүк көлігі мен жүк тиегішті айғақты зат ретінде тәркілеп алды.

Бұл жайт ҚР ҚК-нің 334-бабы "Жер қойнауын өз бетінше пайдалану" бойынша тіркелді. Тәртіп сақшылары жүк көліктері мен экскаваторды айыптұрағына қойды. Жинақталған материалдар заңды шешім қабылдау үшін тиісті органдарға жіберіледі.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарды табиғат қорғау заңнамасын сақтауға және табиғатты қорғауға шақырады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды