Қыз ұзату, беташар: ауылдағылар тығылып той өткізіп жүр

Түркістан облысы ПД
Келес аудандық полицейлері карантин кезінде қонақ шақырып, той жасаған тұрғындарды анықтады.

Келес ауданының полицейлері Абай ауылындағы жергілікті тұрғынның бірі өз үйінде 50-ге жуық туыстарын жинап, "Қыз ұзату" тойын өткізіп жатыр деген хабарлама алысымен мобильдік топпен тез арада көрсетілген мекен-жайға жетіп, тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде той тоқтатылып, той иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу" бойынша хаттама толтырылған, деп хабарлайды zakon.kz.

Ауданда осыған ұқсас тағы бір жайт Біртілек ауылында тіркелді. Онда жергілікті тұрғын карантин режиміне қарамастан өз үйіне 30-ға жуық адам жинап, келін түсіріп, "Беташар" тойын өткізген. Той иесіне қатысты заңға сәйкес әкімшілік шара көрілді.

Карантиндік шаралар енгізілгеннен бері Келес ауданының полицейлері рейдтік және профилактикалық іс-шаралар барысында 93 құқықбұзушылықты анықтады, оның ішінде 2 жайты үйлену тойы мен отбасылық жиындарды ұйымдастыру. ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу" бойынша Келес ауданында анықталып, жинақталған материалдар тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне жіберіліп, 49 құқықбұзушы азаматқа қатысты іс қаралып, оларға 2 миллионға жуық айыппұл салынған.

Келес аудандық полицейлері Covid-19 коронавирустық инфекциясына байланысты эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне орай карантиндік режимнің сақталуын бақылау бойынша іс-шаралар жүргізуді жалғастыруда. Мобильді топтар азаматтардың, сауда және ойын-сауық орындарының, дүкендер мен базарлардың иелерімен, сондай-ақ адамдар көп жиналатын орындарда, қоғамдық көліктерде және көшелерде карантин мен өзін-өзі оқшаулау режимінің сақталуын тексеруде. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты жүргізілетін болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты