"СҚ Фармация" қатал сыннан кейін өз шығындарын 200 млн теңгеге қысқартуға дайын

zakon.kz
Компанияның жалпы және әкімшілік шығындарын қысқарту жоспарланған.

ОКК-де өткен баспасөз мәслихатында "СК-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев компания кеңсесін 10-15 пайызға және қосымша шығындарды 200 миллион теңгеге қысқартуға дайын екендігі туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

- Бірыңғай дистрибьютордың шығындарына қатысты сынға жауап ретінде компания қазір әкімшілік шығындарды оңтайландыру бойынша жұмыс тобын құрды. Кеңсені жалға алу құны 10%-ға төмендетілді. Жұмыс тобының қорытындылары бойынша, кеңсе ауданы 10-15 пайызға қысқартылады деп күтілуде, - деді Есқалиев.

Оның айтуынша, жалпы алғанда, жыл соңына дейін жалпы және әкімшілік шығыстарды қоса есептегенде, оны 200 миллион теңгеге дейінгі көлемде азайту көзделіп отыр.

- Шығындарды оңтайландыру мәселелері одан әрі пысықталып жатыр. Сонымен бірге, "СК-Фармацияның" қызмет аясы кеңейіп келе жатқанын атап өткім келеді. Компания функциясы денсаулық сақтау жүйесін мобилизациялық резервімен, бөлшек сауда желісі үшін дәрі-дәрмектерді сатып алумен, сондай-ақ гуманитарлық көмектерді қабылдау алумен толықты, - деді ол.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты