Мемлекет басшысының Жарлығымен Андриан Көпмағамбетұлы Елемесов Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Доминикан Республикасындағы, Ямайкадағы, Панама Республикасындағы, Коста-Рика Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Адриан Елемесов Көпмағамбетұлы 1963 жылы 10 шілдеде Түркменстанда дүниеге келді.
Меңгерген тілі:
Қазақ, орыс, итальян, испан, ағылшын тілдері
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:
Қазақ химия-технологиялық институты (1985)
Құрылысшы инженер
Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшілерінің және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясының құрылымдық бөлімшелері басшыларының курстарынан өткен:
2-дәрежелі кеңесші (2004);
1-дәрежелі кеңесші (2007).
Еңбек өтілі:
Еңбек жолын 1985 жылы жұмыскер, бригадир, шебер, прораб, "Шымкентқұрылыс" трестінің комсомолдық ұйымының хатшысы қызметінен бастады.
1991-1992 жылдар аралығында шағын кәсіпкерліктің директоры, "АКЕ С" компаниясының президенті;
1992-1995 жылдары аралығында - "Қазақиталқаракөл" бірлескен кәсіпор-нының Италиядағы өкілі;
1995-1996 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің үшінші хатшысы;
1996-2001 жылдар аралығында - ҚР-дың Италиядағы Елшілігінің консулы-үшінші,екінші хатшысы;
2001-2003 жылдар аралығында - ҚР Сыр-тқы істер министрлігінің кеңесшісі, мемлекеттік протокол қызметінің сапарлары бөлімінің бастығы, Орталық және Шығыс Еуропа бқлімдерінің бастығы;
2004 жылдың қаңтарынан 2012 жылдың мамырына дейін Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Елшілігінің кеңесші-елшісі;
2012 жылдың 8 маусымынан ҚР Президентінің өкімімен Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі;
2012 жылдың қарашасынан бастап бір мезгілде Қазақстан Республикасының Мальта Республикасындағы, Сан-Марино Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшілері;
2015 жылдың тамыз айынан Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі;
2018 жылдың күзінен бастап Панама республикасы, Коста-Рика Республикасы, Доминикан Республикасы, Ямайкадағы ҚР Төтенше және Өкілетті елшісі.