Атышулы "СҚ Фармацияның" басшысы Собчакпен түскен суретіне қатысты түсінік берді

primeminister.kz
Ол кезде менің салмағым 135 келі еді, ал қазір 105 келімін - Есқалиев.

Іс-шарада танымал адамды кездестіргеннен кейін бірге суретке түскенмін. Еордада өткен брифингте "СК-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев Собчакпен түскен суретіне осындай түсініктеме берді, деп хабарлайды zakon.kz.

- Шынымды айтсам, бұл фотосурет жеті жыл бұрын түсірілген. Ол кезде менің салмағым 135 келі еді, ал қазір 105 келімін, - деді Есқалиев.

Ол былтыр өкпесіне ота жасатқанын да айтты.

Ал жеті жыл бұрынғы суреттің биыл карантин кезеңінде жарияланғанын да сөз арасына қоса кетті.

- Біз ол кезде бәріміз үйде болдық. Сурет арнайы іс-шарада түсірілген, ол кезде танымал адаммен суретке түсіп алайын деген қарапайым ниет болды, - деді Ерхат Есқалиев.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі