Бейрутта жүк жарылған кеменің иесінен жауап алынды

twimg.com
Ливан билігі 16 адамның ұсталғанын мәлімдеді. Олардың дені порттың жұмысшылары.

Кипр полициясы Ливан астанасы Бейрут портында жарылған (аммиак селитрасы) кеменің иесі делінген адамды сұрауға алды.

Бұл туралы Reuters агенттігі мәлімдеді, деп жазады centralasian.org.

Кипр полициясы оның аты-жөнін айтпады. Бірақ агенттік мәліметіне қарағанда, ол — ресейлік кәсіпкер Игорь Гречушкин. Осыған дейін бұл есімді "Сибирь. Реалии" басылымына берген сұқбатында "Росус" кемесінің капитаны Борис Прокошев те атаған.

Ливан билігі алты жыл бұрын тәркіленген 2 750 тонна аммиак селитрасы Бейруттағы портта 4 тамызда жарылған.

Ливанның денсаулық сақтау министрлігі соңғы мәліметтерге сәйкес, жарылыстан 149 адам өліп, 5 мыңға жақын тұрғын жараланған. Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, құрбандар саны көбеюі мүмкін.

Жарылыс қатты болғандықтан, алыс орналасқан ғимараттардың да есік-терезелері құлап түскен. 250 мың тұрғын баспанасыз қалды.

Ливан билігі 16 адамның ұсталғанын мәлімдеді. Олардың дені порттың жұмысшылары.

Бейсенбі күні Ливанға Франция президенті Эммануэль Макрон барды. Ол жарылыстан кейін бұл өлкеге барған алғашқы шетелдік лидер болды.

Француз президенті ливан билігін экономиканы көтеру және соңғы кездері коррупцияға қарсы акцияларға шығып жатқан елдің наразылығын тоқтату үшін тез арада реформалар жасауға шақырды. Ол Ливанға ақша жинау бойынша халықаралық конференция өткізуге уәде берді, бірақ ол билік қаражат зардап шеккендерге жету үшін ашықтықты қамтамасыз етуі тиіс деді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз