"Астанаға" Чемпиондар лигасында белоруссиялық "Динамо Брест" қарсылас болды

УЕФА
Жеңілген жағдайда "Астана" Еуропа лигасына түсіп, екінші раундтан бастап тағы іріктеуге түседі.

Чемпиондар лигасының жаңа маусымының іріктеу кезеңінің бірінші раундында "Астанаға" қарсылас болып "Динамо Брест" түсті, деп хабарлайды zakon.kz.

Бірінші іріктеу раундының матчы 18 немесе 19 тамызда өтеді, "Астана" алдымен сырт алаңда ойнайды.

Жеңілген жағдайда "Астана" Еуропа лигасына түсіп, екінші раундтан бастап тағы іріктеуге түседі.

"Динамо Брест" Чемпиондар лигасына тұңғыш рет қатыспақ.

Айта кетсек, қазақстандық клубтар коронавирусқа байланысты қиын жағдайға тап болған жағдайда, Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасындағы ойындарын Грузияда өткізуі мүмкін. "Мұндай жағдайды УЕФА қарастырып жатыр", - деген Грузия футбол федерациясының президенті Леван Кобиашвилидің сөзін vesti.kz келтірген болатын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

Қазақстанда Құрылтай сайлауындағы дауыс беру аяқталды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Сайлау күні шаңырақ көтерді: СҚО-да жас жұбайлар некесін қиды

Ақтаулық Құрылтай есімді тұрғын дауыс беруге келді: Маңғыстаудағы сайлау несімен ерекшеленді