Экзит-пол бойынша президент сайлауында Александр Лукашенко жеңіске жетті

Reuters
Сайлаудың ресми қорытындысы 10 тамызда жарияланады.

Беларусьта ұлттық экзит-полдың қорытындысы бойынша мемлекет басшысы Александр Лукашенко 79,7%, ал Светлана Тихановская 6,8% дауыс алған. Бұл туралы мемлекеттік БелТа агенттігі хабарлады, деп жазады centralasian.org.

Беларусь билігі бұл сайлауға халықаралық бақылаушыларды және демократиялық талаптардың жүзеге асуын бақылайтын еуропалық ұйымдардың өкілдерін қатыстырған жоқ.

Елде сайлау өтті деп есептелінді. Ресми мәлімет бойынша сағат 18:00-ге қарау дауыс беруге сайлаушылардың 79 проценті келген. Сайлаудың ресми қорытындысы 10 тамызда жарияланады.

Елдегі белсенділер өздерінің экзит-полын жариялады. Оған сәйкес, Тихановская 70%, Лукашенко 10% дауыс алған.

Telegram-дағы түрлі пабликтер елде мыңдаған адамдар митингке шығып, күштік құрылымдар оқ атып, арнайы гранаталар қолданып жатқанын жазады.

Бірқатар БАҚ PlaneFinder сайтының деректерін келтіріп, Беларусь президентінің ұшағы Минскіден ұшып шығып, бірнеше сағаттан кейін Түркия жеріне қонған дейді. NEXTA Telegram-каналы Лукашенконың отбасы мүшелері де ел аумағынан кетіп қалған болуы мүмкін деген болжам айтады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды

17 наурыз – "Шаңырақ күні". Қазақта "Шаңырақ көтеру" атты ерекше салт-дәстүр болған

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі белгіленеді

Жапаров Тоқаевты жалпыхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады