ДСМ: Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтыру өсімі тыйылды

ОКҚ
КВИ-мен күресудің келесі кезеңі - бұл тек қана COVID-19 вирусымен күрес қана емес, сонымен бірге пандемияның өршуіне түрткі басқа да факторлардан болатын аурулар мен өлімді азайтуға бар күш жұмсау.

Республикамызда коронавирус инфекциясын жұқтыру өсімі тыйылды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның айтуынша, жағдай тұрақтанды және ол биліктің, денсаулық сақтау жүйесінің, оның ішінде санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің толық бақылауында.

Осылайша, біз еліміз үшін дағдарысты кезең артта қалды деп толық сеніммен айта аламыз, - деп қосты ол.

2020 жылдың 13 наурызынан бастап, елімізде расталған COVID-19-бен 99 442 адам ауырды, оның 72 523-і немесе науқастардың 72,9% емделіп, жазылды. 4 713 науқас қазір ауруханада ем алып жатыр 20 937 науқас амбулаториялық негізде дәрігерлер бақылауында.

- Егер науқастардың жағдайы туралы айтатын болсақ, 246 науқастың жағдайы ауыр және 69-ы - өте ауыр жағдайда, 70 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Өткен тәулік ішінде елімізде 741 адам COVID-19-ды жұқтырды, өкінішке қарай, 23 адам қайтыс болды, - деді Қожахметов.

Жағдайдың тұрақтанғанына қарамастан, ол қазақстандықтарды барлық сақтық шараларын сақтауға шақырды және КВИ-мен күресудің келесі кезеңі - бұл тек қана COVID-19 вирусымен ғана емес, сонымен бірге пандемияның өршуіне түрткі басқа да факторлардан болатын аурулар мен өлімді азайтуға бар күш жұмсалатынын атап өтті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды