Үкімет басшысы Денсаулық сақтау министрлігіне карантинді жою жоспарын ұсынуды тапсырды

inform.kz
Еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақталды - Үкімет басшысы.

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Денсаулық сақтау министрлігіне карантиндік шараларды кезең-кезеңмен жою жоспарын Мемлекеттік комиссияның қарауына ұсынуды тапсырды, деп хабарлайды zakon.kz.

Денсаулық сақтау министрі А.Цой 10 күн ішінде Қазақстанда коронавирус инфекциясының репродуктивтілігінің орташа көрсеткіші 0,92-ден 0,82-ге дейін төмендегенін баяндады. Сауығып шыққан адамдардың үлесі 73,6%-ды құрайды, қалғандары қажетті ем алып жатыр. Төсек орындарының жүктемесі 61%-ға, жедел жәрдем шақыру көлемі 62%-ға (3 232-ден 1 232-ге дейін) төмендеді.

"Жалпы алғанда, еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Нәтижелер қабылданған шаралардың тиімділігін көрсетіп жатыр. Қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Денсаулық сақтау министрлігіне карантиндік шараларды кезең-кезеңмен жою жоспарын бейсенбі күні мемлекеттік комиссияның қарауына ұсынуды тапсырамын, деді Асқар Мамин үкімет отырысында.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді