Е.Мұхамеджан КАЗГЮУ Университеті басқарма төрағасы орынбасары болып тағайындалды

kazguu.kz
Ол осы уақытқа дейін ҚР Білім және ғылым министрінің кеңесшісі қызметін атқарған.

Ерболат Амангелдіұлы Мұхамеджан "М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ерболат Мұхамеджан Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономика Университетін “Экономика”мамандығы бойынша тәмамдаған. Үйленген, балалары бар.

Әр жылдары “Дана жол” қолданбалы экономика орталығында экономист-талдаушы болып жұмыс істеген.

Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-де оқытушы, KAZGUU-дің Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар Жоғары мектебінде аға оқытушы, “Қазақстан” РТРК-да редактор-тележүргізуші қызметтерін атқарды.

ШҚО Үржар ауданы әкімінің аппаратында жұмыс істеген, сондай-ақ "Atameken TV" арнасында бас продюсердің орынбасары болған.

Осы уақытқа дейін ҚР Білім және ғылым министрінің кеңесшісі қызметін атқарды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Шымкентте көлік дүкенге соғылып, өртеніп кетті: екі адам жансақтау бөлімінде жатыр