Мемлекеттік БАҚ пен мемлекеттік бағдарламалардың бірыңғай порталдары іске қосылды

Сурет: zakon.kz
Порталдың мазмұны үнемі жаңартылып отырады.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мемлекеттік бағдарламалардың бірыңғай порталы (http://program.2gov.kz) және мемлекеттік БАҚ порталы (http://news.2gov.kz) деп аталатын екі жаңа порталды іске қосты, деп хабарлайды zakon.kz.

Мемлекеттік бағдарламалардың бірыңғай порталында мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы мен кезеңдері туралы, оларға жауапты және бақылайтын органдар туралы барлық ақпараттар, мультимедиялық мазмұндағы нұсқаулықтар, инфографикалар және т.б. орналастырылады.

Порталдың мазмұны үнемі жаңартылып отырады, жақын арада оның Youtube-тегі арнайы арнамен бірігуі жүзеге асады.

Мемлекеттік БАҚ порталы күн сайын Қазақстанның барлық өңірлерінен ресми ақпараттарды, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың жаңалықтарын жариялайды. Осы БАҚ арқылы оқырмандар мен журналистер бастапқы дереккөздерден ақпарат алып, пайдалана алады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео