Елімізде Сенат депутаттарының сайлауы басталды

zakon.kz
Бюллетеньдерде 46 кандидат ұсынылған. Олар жоғарғы палатадағы 17 орынға үміткер болады.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен ҚР Парламенті Сенатының сайлауы 12 тамызға белгіленді, деп хабарлайды zakon.kz.

Сайлау депутаттардың өкілеттік мерзімінің 2020 жылдың қазан айында аяқталуына байланысты жоспарланған. 2020 жылы қазан айында 2014 жылы сайланған 17 депутаттың өкілеттік мерзімі аяқталады.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, Сенат әр облыстың және республикалық маңызы бар қалалардың өкілдерінен тұрады. Сайланған сенаторлардың жартысы әр үш жыл сайын қайта сайланады.

Бюллетеньдерде 46 кандидат ұсынылған. Олар жоғарғы палатадағы 17 орынға үміткер болады. Таңдаушылар тізіміне келетін болсақ, оған 3 069 мәслихат депутаты кірді.

Ең көп сайлаушылар Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында. Орталық сайлау комиссиясы өкілдерінің айтуынша, санитарлық қауіпсіздікті қатаң сақтай отырып өткізіледі. Сондай-ақ бүгін дауыс берудің алдын ала қорытындыларын шығаруда онлайн бақылау сервистері жұмыс істейтін болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді