"ҚТЖ" ҰК" АҚ Ақмола бөлімшесінің қызметкері алаяқтық жасады деп күдіктелуде

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
Осы салада жұмыс істей отырып, жосықсыз адамдар өздерінің жеке пайдасы мен пайдакүнемдік мақсаттарын көздейді.

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабы тәртібінде енгізілген сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою үшін ұсынуды қарау бойынша онлайн режимінде кездесу өткізді, деп хабарлайды zakon.kz.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ - "Магистральдық желі дирекциясы" филиалының басшылық құрамына "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның "Ақмола магистральдық желілер бөлімшесі" филиалы қызметінің лауазымды тұлғасына қатысты жеке тұлғадан жұмысқа орналастыру үшін қаражат алу кезіндегі алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс шеңберінде ақпарат жеткізілді.

Алдағы уақытта мұндай құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды жоспарлау және өткізу кезінде формализмді жоюды, мекеме қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, сондай-ақ ҚР заңнамасын бұзуға жол берген кінәлі тұлғаларға тәртіптік сипаттағы қатаң шаралар қабылдауды ұсынды.

"Темір жол – кез келген мемлекеттің болат артериясы, көлік жүйесінің негізгі буыны. Алайда, осы салада жұмыс істей отырып, жосықсыз адамдар өздерінің жеке пайдасы мен пайдакүнемдік мақсаттарын көздейді. Осылайша азаматтардың көлік саласына деген сенімін бұзады. Сондықтан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша алдын алу шараларының кешенді пәрменді жүйесін әзірлеп, атқаратын дәрежесіне қарамастан ұйымның кез келген қызметкері үшін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жазаның бұлтартпастығын бекіту қажет", - деп атап өтті облыс Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосының басшысы Мұрат Төлеубаев.

Айта кетейік, 2018 жылдан бастап "ҚТЖ "ҰК" АҚ мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі арасындағы келісім аясында жолаушылар тасымалы саласында жемқорлық тәеукелдерін азайтуға бағытталған "Адал жол" жобасы жұмыс істейді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі