Қымбат көлікті арзанға әперем: алаяқ 3 адамнан 11 млн теңге сыпырып кетті 

bk-tuning.ru
Талғар ауданының полицейлері кәнігі алаяқтың жымысқы әрекеттерін әшкереледі.

Талғар ауданының полицейлері аса ірі көлемде материалдық шығын келтірді деген күдікпен 46 жастағы жергілікті тұрғынды қамаққа алды, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның 3 зардап шегушіге 11 млн теңге шығын келтіргені анықталды.

Талғар ауданының полициясына жергілікті тұрғындардаан Б. есімді азаматтың сенімге кіріп, ірі соманы алып кеткені туралы арыз түскен. Тергеу барысында зардап шегушілер қолдарындағы барлық жиған-терген қаржыларын қымбат көліктерді арзан бағада алып беремін деп жалған уәде берген жақындарына өз қолдарымен табыстаған.

"Сотқа дейінгі тергеу барысында арыз берушілер мен күдікті азаматтың өзара туыстығы анықталды. Күдікті қымбат көліктерді нарықтан төмен бағада әкелемін деген уәде беріп, 3 туысынан 11 миллион теңге алғаны белгілі болды. Өз құрбандарын сендіру үшін ол түрлі құйтырқы әрекеттерге барғанын әшкереледі. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды", - деді Талғар ауданы ПБ Тергеу бөлімі бастығының орынбасары полиция капитаны Азамат Слямов.

Полиция өкілінің айтуынша, күдіктінің осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бары тексерілуде. Алаяқтық дерегі бойынша қозғалған сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктінің кінәсін дәлелдейтін бұлтартпас айғақтар жинақталып, іс материалдары жақын арада сотқа жолданатын болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Құрбан айт-2026: Қазақстанда мал бағасы өсіп барады

Қазақстан Кенияға ЖИ және цифрландыру саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынды

Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөйлеген сөзі: толық мәтін

Тоқаев Иордания короліне құттықтау жеделхатын жолдады