Жамбыл облысының 79 жастағы тұрғыны коронавирусты жеңіп шықты

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақсақалдың қосымша созылмалы аурулар бар.

Жуалы ауданы Қайрат ауылының 79 жастағы тұрғыны коронавирус белгілері бойынша жедел жәрдеммен Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілген, деп хабарлайды zakon.kz.

Қабылдау барысында науқастың жағдайы өте ауыр болған. Дене қызуы 38,5 градусқа дейін көтеріліп, тыныс алу қиындап, саусақтары мен еріндері көгеріп, оттегі сатурациясы — 89 пайызды құраған.

Медициналық тексеру кезінде Аманжол Дүрәліұлында ауыр дәрежелі COVID-19, екі жақты вирустық пневмония, тыныс алу жеткіліксіздігінің үшінші сатысы анықталған.

Ақсақалдың қосымша созылмалы аурулар бар. Атап айтсақ, жүректің ишемиялық ауруы, ишемиялық кардиомиопатия, жүрек жеткіліксіздігі және үшінші сатыдағы гипертензия. 2019 жылы ол жедел миокард инфарктісін бастан өткерген. Тәуекел тобы өте жоғары.

Қария екі күн жансақтау бөлімінде болып, ӨЖЖ аппаратына қосылған. Дәрігерлердің нақты және үйлесімді әрекетінің арқасында ол вирусты жеңіп, толық айығып, ауруханадан шығарылды.

Аманжол ата медицина қызметкерлеріне ризашылығын жеткізіп, денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі.

"Алла сіздердің игі істеріңіз бен адал еңбектеріңізді еселеп қайтарсын. Отбасыларыңыз аман, еліміз тыныш болсын", - деді ол.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз