Бүкіл әлем коронавирус пандемиясымен күресіп жатқан кезде Шымкент тұрғындары басқа себеппен түнде дем алмай аласұруда, деп хабарлайды zakon.kz.
"Отырар" басылымының хабарлауынша, соңғы бірнеше ай бойына Шымкент тұрғындарын жағымсыз иіс мазалайды, көбінесе түнде және таңертең. Оның үстіне елді тұншықтыратын иіс те әртүрлі.
"Мен водоканал" жақта тұрамын. Екі аялдамаға жетпей. Кешкісін, 9-дан кейін, аулаға шығып отыру мүмкін емес. Жер үйдеміз ғой. Түн ортасында әпкем екеуміз байқадық, аммиактың немесе сол секілді ауыр химиялық қоспаның иісі шығады, - дейді Ирина Ваштаг, қала тұрғыны.
Жергілікті тұрғындар жағымсыз иістің химикат екенін сезеді әрі оның қала маңынан келетінін де түсінеді.
Қала тұрғындарының айтуынша, сірке суының жағымсыз иісі мен шіріген нәрсе Шымкент қаласының шетіндегі Индустриалды аймақ орналасқан жақтан келіп жатқанына күмән келтірмейді. Бұл жерде дем алу өте қиын.
Белгісіз заттың ауаға көп бөлінетіндігі сонша жағымсыз иіс қаланың тең жартысын алып кетеді.
Көптеген шағымдарға байланысты 7 тамыздан бастап экология департаментінің өкілдері ауаны сынама алып, зерттеу өткізуде. Күн сайын қала тұрғындарының келіп түскен шағымдары бойынша ауа массасы өлшеніп, кешқұрым жеке тұрғын аудандарда да тексеру жүргізіліп жатыр.
Экологтар, сонымен қатар индустриалды аймақтардың аумағын тексерді. Нәтиже күткендей болып шықты.
- Бұл кәсіпорын битум өндірумен айналысады. Қазір зертханада алған сынамаларды зерттеп жатырмыз. Сынамалар көрсеткендей, көмірсутегі концентрациясы шекті рұқсат етілген мөлшерден асады. Норма - 0,30 миллиграмм болса, бірақ іс жүзінде бұл бір текше метрге 0,65 миллиграммды көрсетіп тұр, - деді Шымкент қаласы экологиялық департаментінің мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің бастығы Серік Сарбасов.
Өкінішке орай, зиянды заттардың ауаға бөлінісін дереу тоқтату мүмкін емес көрінеді. Кәсіпкерлік кодекске сәйкес, экологтар инспекция тағайындауы керек, содан кейін ғана департамент өкілдері заң бұзушыларға қатысты тиісті шаралар қолдана алады.