ОКҚ-да өткен брифингте Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова вакцинаны күтіп отырғандарын, халыққа екпе салу болашақта қалай жүргізілетінін, оған дайындық жұмыстары басталып кеткенін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
Есмагамбетованың айтуынша, әлемде коронавирус инфекциясына қарсы 166 кандидаттық вакцина жасалған. Олардың көпшілігі - клиникаға дейінгі тестілеу сатысында.
- Тестілеудің үш кезеңі бар, содан кейін дәрі міндетті тіркеуден өтеді. Қазіргі уақытта бұл вакциналардың басым бөлігі дерлік клиникалық деңгейге жатады. Коронавирус инфекциясына қарсы 120 вакцинаның 17-сі адамдарға сыналуда. Егер біз Ресей вакцинасы туралы айтатын болсақ, онда ол клиникалық сынақтардың 2 кезеңінен сәтті өтті және ол Ресей Федерациясында тіркелген, - деді ол.
Сонымен бірге, санитарлық бас дәрігер Қазақстан коронавирусқа қарсы алғашқы вакцинаны сатып алғалы жатқанын да қоса кетті.
- Қазақстанның стратегиясына қатысты, әрине, біз, бүкіл әлем сияқты, вакцинаны күтіп отырмыз. Вакцина қауіпсіз және тиімді. Нарықта қандай вакцина бірінші пайда болатындығына байланысты мәселеге келсек, әрине, біз оны тауар жеткізушілермен талқылайтын боламыз. Бірақ бүгін бүкіл әлем вакцинаның шыққанын күтіп отырғанын, оған кезек барын екенін дұрыс түсінуіміз керек. Сондықтан да Гави Альянсы құрылды,ол вакцинаның әлемге бірдей жеткізілуін қадағалайтын болады, - деп түсіндірді ол.
Есмағамбетова сонымен бірге вакцина әлі дайын емес екенін, бірақ алдағы уақыттағы ковидке қарсы вакцинацияға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.
- Бүгінгі күні біз осы екпені салуға жататын топтармен жұмыс істеудеміз. Қазір қауіпті топтар бойынша жоспарларымыз бар, олар үшін коронавирус ауруы өте қауіпт: 60-65 жастан асқан адамдарда белгілі бір созылмалы аурулары бар екені белгілі. Бұл - медицина қызметкерлері, өйткені олар бірніші болып науқастарды жаппай қабылдайды, сондықтан вирус жұқтырып алу қаупі жоғарыда оларда. Сондықтан біз вакцинацияға дайындалып, вакцинацияны таңдау және Денсаулық сақтау министрлігі аясында вакцинация стратегиясын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізудеміз, - деді ол.