COVID-19 жұқтырғандар: 2 млн теңге өтемақы 500-ден аса ғана медқызметкерге бұйырған

24.kz
Өкінішке қарай, қаншама адам бұл цифрға енбей қалды, оларға төлем төлеуден бас тартылды - Есмағамбетова.

500-ден астам медицина қызметкері жұмыс кезінде COVID-19 жұқтырғаны үшін өтемақы алды, деп мәлімдеді ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова ОКҚ-да өткен брифингте, деп хабарлайды zakon.kz.

Денсаулық сақтау министрлігі күн сайын қаралған, бекітілген және ең бастысы төленген өтемақыларға мониторинг жүргізеді. Кешегі жағдай бойынша, 500-ден астам медицина қызметкерінің әрқайсысына 2 миллион теңгеден өтемақы төленді. Өкінішке қарай, қаншама адам бұл цифрға енбей қалды, оларға төлем төлеуден бас тартылды, - деді Есмағамбетова.

Ол төлемдер мәселесінде өтемақы төлеу тәртібін сипаттайтын нормативтік-құқықтық акт бар екенін және басқалармен қатар, аймақтық комиссияларда төлемді талап ететін әр медицина қызметкеріне арналған құжаттар пакетін қарастыратынын еске салды.

- Бұл комиссиялардың жұмысы тұрақты негізде жүзеге асырылады. Бұл мәселе ведомствоаралық комиссияның соңғы отырысында қаралды. Барлық әкімдерге бұл жұмысты жандандырып, облыстық комиссияға ұсынылатын барлық құжаттар пакетін тез қарастыру тапсырылды, - деді бас санитарлық дәрігер.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды

Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы