Демалыс күндері карантин шаралары сақталады

alau.kz alau.kz
Егер бизнес карантин талаптарын жақсы сақтаса, одан кейін ол алынып тасталады.

Елімізде карантин шаралары кезең-кезеңімен жойылу қолға алынғанымен, демалыс күндері ол өз күшінде болады, деп хабарлайды zakon.kz.

Сәйкесінше, демалыс күндері базар мен сауда үйлерінің жұмысы шектеледі.

"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Эльдар Жұмағазиев демалыс күндергі тыйым әлі екі аптаға ұзартылатындығын, егер бизнес карантин талаптарын жақсы сақтаса, одан кейін ол алынып тасталатынын айтты.

- Министр Алексей Цой демалыс күндері карантин шаралары әлі екі аптаға созылатынын айтты. Бизнес кірісі көбінесе демалыс күндері болады. Соған қарамастан біз бұған саналы түрде барып, келісіп отырмыз. Біз бизнестің қаншалықты жауапкершілік танытатынын байқағымыз келеді. Екі аптадан кейін, егер жағдай жақсы болса, біз демалыс күндергі шектеуді жоюды сұраймыз. Бұл - біртіндеп жүзеге асырылатын процесс. Адам денсаулығы - бірінші кезекте, осыны дұрыс түсінуіміз керек, - деді ол.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Ассамблеяның басты міндеттерін атады

Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадтың өтетін күні белгілі болды

Тоқаев: Араздыққа алып келетін барлық арандатушылықтың жолын кесу қажет

Қостанайда ер адам көліктің ішінде өртеніп кетті

Қытай айда АЭС салуды жоспарлап отыр