17 тамыз, дүйсенбіден бастап бизнес локдауннан шығады, сауда орталықтары, қоғамдық тамақтану орындары, автосалондар, балалар білім беру мекемелерін қоса алғанда бірқатар кәсіпкерлік субъектілерге қойылған шектеулер алынып тасталады, деп хабарлайды zakon.kz.
ҚР Бас санитарлық дәрігердің 2020 жылғы 14 тамыздағы №47 қаулысына сәйкес жұмысты бастауға рұқсат алу үшін кәсіпкерлік субъектілердің барлығына электронды цифрлық қолтаңба арқылы www.infokazakhstan.kz сайтынан тіркеуден өту қажет. Бұл жұмысты қайта бастаудың міндетті шарты, оны бұзу айыппұлдық санкцияларға әкеп соғады.
Бұл платформа "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен іске қосылған. Оның интерфейсі оңай әрі қарапайым, формаларды толтыру небәрі 15 минут уақыт алады.
"17 мыңнан астам кәсіпкер порталға өтінім беріп үлгерді, соның ішінде 9 444 кәсіпкерлік нысандары жұмыс істеуге рұқсат алды. Алғашқы өтінім порталдың жұмыс істеу уақытынан бір минут өтпестен Қарағандыдан түсті. Ресурспен Алматы облысы(2761 өтінім) және Алматы қаласының (2 401 өтінім) бизнес-қоғамдастығы анағұрлым белсенді қолдануда.Пайдаланушылардың белсенділігі сағат 13:00-ден 16:00-ге дейінгі аралықта жоғары", деп хабарлады "Атамекен" ҰКП.
Жұмыс бастауға көмектесетін www.infokazakhstan.kz сайтының функционалы кеңеюде, атап айтқанда айдар тетіктері жақсарды, кәсіпкерлер тізімі жаңартылды, сауда және ойын-сауық орталықтары, бизнес орталықтарды жалға алушылар, сондай-ақ базардағы жалға алушылар қосылды.
Кәсіпкерлерге кеңес беру үшін 1432 байланыс орталығы тәулік бойы қызмет көрсетеді (қоңырау шалу тегін). Сонымен қатар t.me/infokazakhstan телеграм-канал іске қосылды, онда портал жұмысына қатысты соңғы жаңалықтар және бизнес өкілдеріне басқа қызықты ақпарат жарияланады.