Алматыда жұмысқа кіріскен сауда үйі алдында ұзын-сонар кезек пайда болды

17 тамыздан бастап Алматыда карантиндік шаралар біртіндеп жұмсартыла бастады.

Алматылықтар әлеуметтік желіде жарияланған Grand Park сауда-ойын-сауық кешені алдына жиналған үлкен кезектің видеосын талқылап жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Инстаграмдағы kris_p_almaty парақшасында сауда үйі алдындағы ұзын-сонар кісі кезегінің видеосы жарияланды.

Бұған біреулер таң қалса, тағы біреулер кезектен неден туындағанын бажайлай алмай дал.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

С 17 августа возобновят работу во всех регионах: ТРЦ, торговые дома (бутики), торговые сети, крытые рынки, заполняемость - не более 30 процентов, 4 квадратных метра на одного посетителя; салоны красоты, парикмахерские, спа-центры, объекты, оказывающие косметологические услуги (4 квадратных метра на одного посетителя, по предварительной записи); фитнес-центры без бассейнов (50-процентная заполняемость, 5 квадратных метров на одного посетителя), бани и сауны без бассейнов (50-процентная заполняемость, квадратных метра на одного посетителя посетителя)

Публикация от @kris_p_almaty +21 | kz ???????? (@kris_p_almaty)

- Халықта не жоқ, ақша жоқ. Мүмкін олар ақша тегін таратып жатқан шығар, барып көрейік, - деп жазады желіні қолданушының бірі.

- Кезекке тұру үшін таңертеңгі сағат 4-те келу керек, - деп жазды skidki_v_almaty.

Екінші толқын басталды, - деп жазды тағы бірі.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Алматыда шектеу шараларын біртіндеп жұмсарту туралы бұйрыққа қол қойды. 17 тамыздан бастап келесі іс-шаралар біртіндеп өз жұмысына кірісті:

- сауда үйлері (бутиктер), бөлшек сауда желілері, жабық базарлар (дүкендегі адамдардың қамтылу деңгейі 30% -дан аспауы тиіс, бір адамға - 4 шаршы метр);

- сұлулық салондары, шаштараздар, СПА орталықтары, косметикалық қызмет көрсететін нысандар (бір адамға - 4 шаршы метр);

- балаларға арналған түзету кабинеттері, балалар және ересектерге арналған білім беру орталықтары (5 адамнан аспайтын топтар, алдын ала жазылу бойынша);

- сыртқы аттракциондар (әлеуметтік арақашықтықты сақтау, маска тағу, кіріп-шығатын адам легін реттеу);

- бассейні жоқ фитнес-орталықтар (бір адамға 50 шаршы метр, келушілерге - 5 шаршы метр), бассейні жоқ моншалар мен сауналар (қамтылу деңгейі - 50 пайыз, әр адамға - 4 шаршы метр);

- 2000 шаршы метрден асатын сауда және ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, азық-түлік емес дүкендердің жұмысын қайта бастауға рұқсат етіледі, сонымен қатар азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын жабық базарлар, қызметкерлер арасында COVID-19 көп кездесетін объектілер дайындығын бағалау және InfoKazakhstan.kz сайтынан электронды форматта шығарылған санитарлық ережелерді сақтау туралы актіні толтырғаннан кейін жұмысын қайта бастауға рұқсат етіледі. Нысандардың жұмысқа дайындығын Алматы қаласы бойынша тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау департаментінің, Алматы қаласы аудандарының әкімдіктері мен Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасының өкілдерінен құрылған жұмыс комиссиясы бағалайды, - делінген бас санитарлық дәрігердің шешімінде.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: