НАТО әскері беларусь шекарасына тақап қалды - Лукашенко

Президент Қарулы Күштерді толық жауынгерлік дайындыққа келтіру және әскерлерді батыс бағытқа лақтыру "ширек ғасырдағы ең маңызды шешім" деп атады.

Гродно облыстық кеңесі депутаттарымен болған кездесуде Беларусь Президенті Александр Лукашенко НАТО өз әскерлерін ел шекарасына тақатып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz Беларусь президентінің сайтына сілтеме жасап.

Лукашенконың айтуынша, оның қарсыластар іштен "бүлдіріп", "қорқытып", сонымен қатар "шекараның арғы жағынан" да ашық қоқан-лоқы көрсетуге кіріскен.

- Батыс саясаткерлері аузынан шыққан бұл қауіп-қатерді жақсы естіп отырған боларсыздар. Егер бәрі бірдей әуенге басса, яғни қаржылай ресурстардың бөлінетіндігі туралы ашық айтса - бұл, енді дипломатиға жатпайды, - деді Лукашенко.

Мемлекет басшысы F-16 ұшағы 15-20 минуттық жерде ұшып жүргенін баса айтты.

- Біз бұны былтыр байқағанбыз, олар ол кезде жаттығу дегенді желеу еткен, бірақ коронавирусқа бола ақыры тыншыған. Енді, міне, біздің еліміздің ішкі жағдайы тұрақсыз бола бастап еді, олар қайтадан белсенді әрекеттерге көшті. Барлық әскер қойылған - біз мұны көріп, түсініп отырмыз. Сондықтан мен әскерді толық жауынгерлік дайындыққа келтіру туралы бұйрық беруге мәжбүр болдым, - деп қосты президент.

Ол Витебскіден десантшылар Гродно облысына лақтырылғанын, "Точка-У" , "Полонез", РСЗО және ЗРК, С-300 тактикалық зымырандары жауға қарсы тойтарыс беру үшін дайындық жағдайында тұрғанын еске салды.

Алдында Гродно түбіндегі әскери жаттығу полигонында Лукашенко: "НАТО ел шекарасына әскерлерін лақтырып жатыр, "жаңа президентті билікке әкелу үшін", сонда ол Батыстың әскери қолдауына жүгіне алады", - деді.

Президент Қарулы Күштерді толық жауынгерлік дайындыққа келтіру және әскерлерді батыс бағытқа лақтыру "ширек ғасырдағы ең маңызды шешім" деп атады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: