Аюбаев Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары қызметінен босатылды

Мемлекет басшысы осындай үкімге қол қойды.

Мемлекет басшысының үкімімен Мұхтар Ақатұлы Аюбаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы қызметінен босатылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Мұхтар Ақатұлы Аюбаев 1959 жылы 22 тамызда Алматы облысында дүниеге келген.

Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиясы институтының инженерлік-механикалық факультетін (1981) "Жеңіл өнеркәсіп машиналары және аппараттары" мамандығы бойынша; КСРО МҚК жоғары курстарын (Минск қаласы, 1985); Қазақ гуманитарлық-заң университетінің заң факультетін (2005) заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1975 жылы ұжымшар жұмысшысы болудан бастаған. 1981 жылы - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте.

1983 жылы - Кербұлақ аудандық комсомол комитетінің нұсқаушысы;

1984 жылы - КСРО МҚК жоғары курстарының курсанты;

1985 жылы - "Жетісу" Алматы өндірістік аяқ-киім бірлестігінің слесарь-жөндеушісі; Пақтаарал АБ жедел өкілі, Сайрам АБ жедел өкілі, Шымкент облыстық ҰҚКБ жедел өкілі;

1991 жылы - Талдықорған облыстық ҰҚКБ жедел өкілі, аға жедел өкілі, хатшылық-басқармасының бастығы;

1995 жылдың қаңтар айынан - ҚР Президентінің жеке күзеті келулерді қамтамасыз ету бөлімінің бөлімше бастығы, жеке күзет бөлімі бастығының орынбасары, ҚР Президентінің Күзет қызметі бірінші департаменті бастығының орынбасары;

2002 жылы - ҚР Президентінің Күзет қызметі бастығының орынбасары - ҚР Президенті Қауіпсіздігін қамтамасыз ету департаментінің бастығы;

2004 жылдың ҚР Республикалық гвардиясы қолбасшысының бірінші орынбасары;

2006 жылдың қаңтар айынан бастап ҚР Президенті Күзет қызметі бастығының орынбасары - ҚР Президентінің Қауіпсіздігін қамтамасыз ету департаментінің бастығы;

2006 жылдың наурыз айынан - ҚР Президенті Күзет қызметінің бастығы;

2013 жылғы наурыздан бастап - Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының қолбасшысы;

2014 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі басшысының орынбасары - объектілерді қорғау қызметінің бастығы;

2019 жылдың маусым айынан бері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі басшысының орынбасары - Арнайы күштердің қолбасшысықызметін атқарған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: