Резиденциясына қарумен келген Лукашенко: "Егеуқұйрықтар сияқты жан-жаққа бытырай қашты..."

видеодан алынды
Минскідегі резиденциясына мұздай қаруланып, тікұшақпен ұшып келген Беларусь Президенті Александр Лукашенко арты жаман болатынын білген наразылық білдірушілер "егеуқұйрық сияқты жан-жаққа бытырай қашты" деп мәлімдеді.

Жексенбі күні Беларусь президенті Александр Лукашенко тікұшақпен Тәуелсіздік сарайына ұшып келді, деп хабарлайды zakon.kz Mash Telegram каналына сілтеме жасап.

Ол оқ өтпейтін кеудешені тағып, қолында қару алып алған. Ол қонған Тәуелсіздік сарайының айналасына қарақұрым халық жиналып, үлкен митинг өтіп жатқан. Қауіпсіздік күштері сарай алдындағы көшені толығымен жауып тастады, ал бірнеше он мыңдаған адам қоршауға алынды. TUT.BY хабарлағандай, Тәуелсіздік сарайының жанында әскери техника да тұрған.

Беларусь құқық қорғау органдары Тәуелсіздік сарайы маңындағы "Победителей" даңғылын жауып тастады. Даңғылдың бүкіл бойына әскери кордон қойылған. 9-10 тамыздағы наразылық акциясын таратқан "Рубеж" шабуылдаушы кешені де бар.

Видеода Лукашенконың тікұшақтан түсіп, резиденциясына қарай бет алғаны көрсетілген. Кеудесінде оқ өтпейтін кеудеше, қолында Калашников автоматы бар. Кейінірек мемлекет басшысы ОМОН сарбаздары жанына барып, "Рахмет, мықтыларым", - деп алғыс білдіреді. Бұған жауап ретінде қауіпсіздік күш өкілдері қол шапалақтап, "соңына дейін Сізбен бірге боламыз" деп уәде береді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Түркиядағы металлургия зауытындағы жарылысқа байланысты Ердоғанға көңіл айтты

Үкімет Алматы және Астана агломерацияларының құрамын өзгертті

Алматы әкімдігі нөсерден кейінгі жағдайға түсініктеме берді

Алматыда нөсерден кейін көшелерді су басып, тұрғындардың жүріп-тұруы қиындады

Қазақстандықтарға екпе туралы SMS келе бастады: хабарлама алған соң не істеу керек