ШҚО тұрғындарына 696 мыңға жуық тонна көмір жеткізілді

infocentervko
Жылыту маусымына дайындық жұмыстары межеленген жоспарға сәйкес жүргізілуде.

ШҚО энергетика және ТКШ басқармасы басшысы Дәулет Батырбаевтың мәліметінше, бүгінгі күні өңірдегі әлеуметтік нысандарды жылыту маусымына дайындау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Денсаулық сақтау нысандары 79%, білім беру нысандары 76%, әлеуметтік қорғау нысандары 82%, тұрғын үйлер 63% дайын, деп хабарлайды zakon.kz.

Ең бастысы, жылу көздері мен тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын отынмен қамтуға баса назар аударылуда.

Облыстағы ЖЭЦ пен жылу көздерінде 342 мың тонна немесе 165% эксплуатациялық қор жиналған. Жеткізу келісімшартқа сәйкес жүргізіледі.

Бюджеттік ұйымдарға көмірді жеткізу шілде айында басталды. Жалпы қажеттілік қоры 132,1 мың тоннаны құрайды. Қазіргі уақытта 85 мың тонна немесе 62% жеткізілген.

Тұрғындарды жылыту маусымында көмірмен қамтамасыз ету үшін 1123,6 мыі тонна қажет. Қазір 695,8 мың тонна көмір немесе 62% жеткізілді.

19 тамыздағы деректерге сәйкес, облыстағы теміржол тұйықтарында 38,3 мың тонна көмір бар. Облыс тұрғындары үшін көмірдің орташа бағасы 12 500 теңге.

Жылыту маусымына дайындық үнемі бақылауда ұсталынып отыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін