Қасым-Жомарт Тоқаев Грузия халқына көңіл айтты

Ақорда
Барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан достас Грузия халқына, жақындарынан айрылған отбасыларға көңіл айтамын.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның Шатили таулы мекені маңайында орын алған жол-көлік апаты салдарынан көптеген адамның қаза болып, зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдап, көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Осындай ауыр сәтте орны толмас қайғыға ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан достас Грузия халқына, жақындарынан айрылған отбасыларға көңіл айтамын. Қасіретті оқиғада зардап шеккендердің тез арада сауығуына тілектеспін", – делінген жеделхатта.

Бір күн бұрын, 24 тамызда Грузияда жолаушыларға арналған микроавтобус 80 метр биіктіктегі жартастан құлап кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 17 адам қайтыс болды, үшеуі жарақат алды, олардың жағдайы өте ауыр деп бағаланады. Ішкі істер министрлігі "Жол қозғалысы қауіпсіздігі немесе көлікті пайдалану ережелерін бұзу" бабы бойынша тергеуді бастады. 25 тамызда Грузияда жол-көлік апатынан зардап шеккендерді ұлттық аза күту күні деп жарияланды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды