"Қара бүркіт" колониясының бастығы пара алғаны үшін ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.
"ТоболИнфо" ақпарат агенттігіне белгілі болғандай, кеше кешкісін Қостанай облысындағы УК-161/3 - төтенше қауіпсіздік мекемесінің бастығы Арман Әбілев ұсталды. Ол колония бастығы болып өткен жылдың желтоқсанында тағайындалған.
Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкері 700 мың теңге көлемінде параның екінші бөлігін алған жерінен ұсталды. Параның барлық сомасы 1 миллион теңгені құраған. Бұл ақша осы мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталушыға жағдай жасап, қолдау көрсету үшін берілген.
Бұл факті есепке тіркеліп, тергеу басталды.
"Қара Бүркіт" түрмесінде, негізінен, өмір бойына бас бостандығынан айырылғандар жазасын өтеп жатыр.
Владислав Челах та жазасын осы колонияда өтеуде. 15 шекарашы қызмет ететін "Арқанкерген" уақытша шекара заставасындағы 2012 жылдың мамыр айының соңында қайғылы оқиға орын алды. Шекарашылармен байланыс үзілген, сондықтан басқа заствадан онда арнайы отряд жіберілді. Олар келгенде казарма ғимараты өртеніп кеткен, ал ішінен 14 шекарашының денесі табылды.
Қорықшының денесі жақын маңдағы аңшының үйінен табылды. Бірнеше күннен кейін тірі қалған жалғыз шекарашы - 19 жастағы қатардағы жауынгер Челах ұсталды. Бастапқыда ол өз әріптестері мен егерді өлтіргенін мойындады, бірақ кейіннен бұл айғақты мәжбүрлеп айтқызды деп өз куәлігінен бас тартты. Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған әскери соты 2012 жылдың 11 желтоқсанында оны өмір бойына бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.
Сондай-ақ бұл арада "алматылық сұр мерген" Руслан Күлекбаев та отыр. Ол 2016 жылдың 18 шілдесінде тәртіп сақшыларына қынадай тиген. Құқық қорғау және арнайы органдардың 8 өкілінің, қарапайым 2 азаматтың өліміне әкеліп соққан, сондай-ақ 3 азаматты өлтіруге әрекет жасаған террористік актіні жасағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру және өлім жазасына кесілді.