Тесттен жоғары балл алғандардың видеосы тексеріліп, масқара фактілер анықталды

видеодан алынды
Осындай заңсыздықтардың анықталуына байланысты биылғы 97 түлек ие болған білім грантынан айырылды.

Ұлттық бірыңғай тест тапсыру ережесін бұзған 158 талапкердің тест нәтижесі жойылды. 97-сі түсіп тұрған грантынан айырылды. Осындай ереже бұзу жайттарының бірін Ұлттық тестілеу орталығының директоры әлеуметтік желідегі парақшасына да жариялады, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Келеңсіз жайт тест тапсыру орындарының біріндегі бақылау камерасына түсіп қалған. Онда тест тапсырушы сұрақ кітапшасын суретке түсіріп отыр. Ал ішкі тәртіпке жауапты кезекші ол камераға көрініп қалмас үшін алдын қалқалап әлек. Осындай ереже бұзған 158 жайттың ішінде 138 балл жинаған талапкер де бар екен. Енді соның ішіндегі грантқа түскен 97 түлек грантынан айрылатын болды. Ол гранттар алдағы екі аптада тізімде төмен тұрған 97 талапкерге беріледі. Ал тәртіп бұзу әрекетін жасыруға атсалысқан кезекшіні тиісті орындардан жауапқа тартылуын талап етпек.

Дидар Смағұлов, Ұлттық тестілеу орталығының директоры

- Қараңыздар, қандай "батырлықпен" сұрақ кітапшасын фотоға түсіріп отырған баланы денесімен жауып тұр. Кем дегенде, оның білім беру саласынан жұмыстан босатылуын, ал одан бетер шара ретінде қатал жауапкершілікке тартылуын талап етеміз.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме