Қанат Ислам күзде шаршы алаңда өнер көрсетеді

prosports.kz
Бокс кеші АҚШ-тың Плант-Сити қаласында өтеді.

Орта салмақтағы Қазақстан боксшысы Қанат Исламның (27-0, 21 КО) қашан шаршы алаңға оралатыны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

BoxRec хабарлағандай, Олимпиада ойындарының, Азия және әлем чемпионаттарының жүлдегері болған Қанат Ислам 16 қазан күні шаршы алаңға шығады. Бокс кеші АҚШ-тың Плант-Сити қаласында өтеді. Әзірге қарсыласының есімі белгісіз.

Екі жылдық үзілістен соң Қанат Ислам 2019 жылы екі жекпе-жек өткізді: біріншісінде ол доминикандық Хулио Де Хесусты жеңсе, екіншісінде намибиялық Уолтер Каутондоквадан басым түскен болатын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі