Бағдат Мусин Цифрлық даму министрі болып тағайындалды

Бұған дейін Мәжіліс Мусиннің цифрлық даму министрі қызметіне ұсынылған кандидатурасын талқылаған.

Бағдат Мусин Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Мусин Бағдат Батырбекұлы Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалсын, делінген Ақорда хабарламасында.

Бұған дейін Мәжіліс Мусиннің цифрлық даму министрі қызметіне ұсынылған кандидатурасын талқылап жатқаны хабарланған болатын.

Мусин Бағдат Батырбекұлы 1983 жылы 3 наурызда Павлодар облысының Екібастұз қаласында туған. Сүлеймен Демирел атындағы университетті "инженер-жүйе технигі" мамандығы бойынша, Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын "заңгер" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын инженер-бағдарламашы болып бастады, әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" РМК АЖ сүйемелдеу бөлімінің бастығы, әділет министрлігінің экономика және қаржы департаменті ақпараттық технологиялар басқармасының бастығы болып жұмыс істеді, байланыс және ақпарат министрлігінің құрылымында басшылық қызметтерді атқарды, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ, "Қазпошта" АҚ, Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетін басқарды.

Биылғы наурыз айында президенттің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды, ал 20 шілдеде ол министр міндетін уақытша атқарушы цифрлық дамудың бірінші вице-министрі болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: