АҚШ соты Хравпуновтар ісі бойынша тағы бір үкім шығарды

Олар көптеген заңнамалық міндеттемелерді бұзған.

2020 жылдың 3 қыркүйегінде Нью-Йорктің Оңтүстік округі бойынша АҚШ-тың аудандық соты Ильяс пен Виктор Храпуновқа қатысты сот ісін жүргізу тәртібін бұзғаны үшін айыппұл тағайындау туралы тағы бір қаулы шығарды, деп хабарлайды zakon.kz.

- Судья Кэтрин Паркер Храпуновтар көптеген заңнамалық міндеттерді бұзды, дәлелдемелерді қасақана жойды және олардың кейбір құжаттарды қарауға құқығы жоқтығы туралы жалған айғақтар берді деген қорытындыға келді. Сот сонымен қатар Храпуновтар отбасының бұл іс бойынша кейбір сот бұйрықтарын бұзғанын, соның ішінде Ілияс Храпуновтың берген құпия куәлігіне салынған тыйымды бұзғанын анықтады, деп хабарлады ҚР Әділет министрлігі.

Биылғы жылдың 3 қыркүйегіндегі сот шешімі бойынша Храпуновтар мен Әблязовтарға биылғы жылдың мамыр айында шығарылған сот ісін жүргізу тәртібін бұзғаны және заңсыз әрекеттері үшін айыппұл тағайындалды. Бұл - оларға қатысты шыққан бесінші сот шешімі.

- Айыппұлдың түпкілікті мөлшері талапкерлер сот шығындарының сомасын көрсеткеннен кейін белгіленеді, делінген хабарламада.

Нью-Йорктегі Flatotel сот процесі ҚР Әділет министрлігі (Алматы әкімдігінің атынан) мен "БТА Банкі" АҚ бірлесіп, төрт жыл бұрын түсірген шағымы негізінде басталған. Айыптаушы тарап Әблязов, Храпунов және олардың қылмыстық серіктестері ұрланған ақшаны АҚШ-қа жылыстатты деп айыптайды.

Әблязов жалған несиелер беру арқылы БТА-дан миллиардтаған долларды ұрлады, ол үшін ол Қазақстанда сотталып, Ұлыбритания соттарымен кінәлі деп табылды. Америка Құрама Штаттарындағы сот ісін жүргізу кезінде талапкерлер Әблязовтың қылмыстары туралы қосымша дәлелдемелер жинады, сондай-ақ көптеген куәгер айғақ берді. Талапкерлер соттың ұсынылған дәлелдерге мұқият назар аударғанын жоғары бағалайды. Әблязовтар, Храпуновтар және олардың сыбайластары сотқа бірнеше рет қатысудан бас тартты және көптеген сот бұйрықтарын бұзды.Кейбір дәлелдемелер қасақана жойылғанына қарамастан, олардың қылмыс жасауға қатысқандығын растайтын құжаттардың көлемі жеткілікті. Талапкерлер осы дәлелдемелерді Нью-Йорктегі қазылар алқасына ұсыну мүмкіндігін асыға күтеді, - деді Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңесшісі - "Boies Schiller Flexner LLP" серіктесі Мэттью Шварц.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: