Қостанай облысында өкілеттігін асыра пайдаланған шенділер құзырлы органның тырнағына ілінді

ehonews.kz
Тергеу жүріп жатыр.

Қостанай облысы әкімдігінің қызметкерлері лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Алау" басылымының хабарлауынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Олар өздерінің қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп күдікке ілінген, атап айтқанда, олар ШОБ субъектісі болып табылатын серіктестік басшысына Заречный кентінде газ құбырын тарту үшін құрылыс-монтаждау жұмыстарының ақысына 10,8 млн теңге көлемінде қаражат беруге мәжбүрлеген, деп хабарлайды ведомствадағылар.

Тергеу амалдары жалғасуда. Шенеуніктерге қатысты олардың кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, соңғы шешімді сот шығарады

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі