Информатикадан Еуропа олимпиадасында Қазақстан құрамасы үш жүлде алды

academ.info
Жас программистер арасында өткен халықаралық жарыста қазақстандық оқушылар жақсы нәтижелер көрсетті.

Қазақстан құрама командасы алғаш рет информатикадан Еуропалық жасөспірімдер олимпиадасына (European Junior Olympiad in Informatics) қатысты, деп хабарлайды zakon.kz ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жас программистер арасында өткен халықаралық жарыста қазақстандық оқушылар жақсы нәтижелер көрсетті.

Биыл Олимпиадаға 27 мемлекеттен 90-нан астам оқушы қатысты. Құрама команда мүшелері ұлттық жарыстар қорытындысы бойынша анықталған болатын. Сәйкесінше, қазақстандық құрама команда мүшелері – информатика пәні бойынша республикалық олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері.

Олимпиада қорытындысы бойынша қазақстандық оқушылар жақсы нәтижелер көрсетіп, жоғары марапатқа ие болды.

Атап айтсақ, Ван Ли – алтын медаль (Алматы қаласындағы РФММ); Таймас Корғанбаев – күміс медаль (Алматы қаласындағы № 165 мектеп-лицейі);

Әділ Сұлтанов – қола медаль (Атырау қаласындағы облыстық мамандандырылған "Білім - Инновация" лицейі);

Рамазан Пердебай – қола медаль (Карағанды қаласындағы Н. Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты).

Биыл European Junior Olympiad Informatics (EJOI) ұйымдастыру комитеті олимпиаданы онлайн режимде өткізу туралы шешім қабылдаған болатын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Ерлан Қарин: Президенттің тапсырмасы орындалды – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енді

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді