Шымкент қаласы әкімінің орынбасары жаңадан тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.
Бүгін - 9 қыркүйекте ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің өкімімен Айманбетов Мәулен Зарлықұлы қала әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.
Мәулен Зарлықұлы 1966 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Білімі - жоғары. Игерген мамандықтары - жол-құрылыс инженері, агроном, экономист және іскерлік басқару магистрі.
Еңбек жолын 1990 жылы "Алматыгорстрой" тресінің 2-ші құрылыс-монтаждау бөлімінің бригадирі болып бастаған. Кейін осы бөлімнің бригадирі, бөлім бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.
- 2000-2006 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі "Фитосанитарлық" РМК бас директоры, Астана қаласы;
- 2006 жылдан 2008 жылға дейін ҚР Президенті Іс басқармасына бағынышты ұйымдарда түрлі жауапты қызметтер атқарды;
- 2008-2013 жылдары - Астана қаласы "Алматы" ауданы әкімінің орынбасары болды.
Сонымен қатар, ол Көкшетау қаласы автомобиль жолдары комитетінің Ақмола облысы автомобиль жолдары департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеді.
2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ол "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы" ММ Күрделі жөндеу құрылыс бөлімінің басшысы болған.