Электротакси? Тағы бір "бюджет ақшасын сорғыштар" шығыпты

"Blue Sky Energy"
Бұл да бюджетті жеудің кезекті амалы, деп бағалады ол facebook-тегі жазбасында.

"Blue Sky Energy" компаниясы Алматыда электротакси қызметін іске қосады деген жаңалықтың жақсы екеніне автокөлік саласының журналисі Ибраш Нүсіпбаев сенбей отыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл да бюджетті жеудің кезекті амалы, деп бағалады ол facebook-тегі жазбасында.

Электротакси деген утопия. Ол әлемде мемлекет қолдауының арқасында ғана тұр. Мәселен, АҚШ-та Nissan Leaf электрокарының бюджеттік версиясы шамамен 32 мың доллар тұрады. Бірақ АҚШ билігі оның 7,5 мың долларын көлік алушыға қайтарып, соның арқасында америкалықтар көлікті 24500 долларға сатып алады. Егер электрокар коммерциялық мақсатта пайдаланылса, мемлекет ондай компанияларға көптеген салықтық жеңілдіктер жасайды, өйткені электрокардың шығыны өте зор келеді. Көліктің бұл түрі тәулігіне 24 сағат жұмыс істей алмайды, көбіне зарядкада тұрады. Қазақстанда электротакси мемлекеттің қаржылай көмегінсіз жұмыс істей алады деу – ақымақтық. Ал енді біздің бизнесмендеріміздің қандай екенін білеміз ғой, олар мемлекеттен үлкен қаражат алу жағын келісіп қойған болса керек. Сол себепті электракси жұмысының тиімділігіне бұлар бас қатырмайды, деп жазады пост авторы.

Нүсіпбаев сынап қана қоймай, өзінің ақылын да қосады:

Біздің шенеуніктердің шынымен де экологияға жаны ашыса, онда күмәнді жобаларды қаржыландырудың орнына барлық шектеулерді алып тастасын, импорттық автокөліктер мен электрокарларға салық пен кедендік баждарын жойсын. Сонда бағалар түсіп, Қазақстанның халқы жаңа автокөлік сатып алатындай жағдай туындайды. Сонда ғана көшедегі автокөліктер жаңарады, дейді ол.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты