Алматыда Қазақстандағы тұңғыш электротакси іске қосылады

"Blue Sky Energy" "Blue Sky Energy"
Электротаксидің негізгі мақсаты – тұрғындардың назарын қаланың қоршаған ортасын аялауға аудару.

Қыркүйекте электрлі такси жүргізу жоспарланып отыр. Қуаттайтын стансаларды сатып алуға 3,2 млн теңге көлеміндегі грантты мемлекет "Бизнестің жол картасы -2025" бағдарламасы аясында ұсынды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Blue Sky Energy" компаниясының құрылтайшыларының бірі Нариман Иманғалиевтың сөзінше, электротакси Жапония, АҚШ, Украина және басқа да елдерде кеңінен қолданылуда. Енді осындай қызметті Қазақстанда да ұйымдастыру идеясы келіпті. АҚШ-тан тапсырыспен Алматыға бес орындық Nissan Leaf маркалы автокөліктер жеткізілді. Жыл соңына дейін электромобильдердің тағы бір қосымша партиясы келеді.

Бизнесті қолдауға арналған "Almaty Business-2025" бағдарламасы туралы біле салысымен Нариман өзінің серіктестерімен бірге грантқа өтініш берген екен. Бизнес-жоспар құрып, құжаттар жағын реттеуге "Qoldaý" кәсіпкерлік орталығы көмектескен.

Мемлекеттен алған 3,2 млн теңгеге компания Қытайдан электр қуаттайтын станса сатып алып, оны Алматыдағы ірі сауда ойын-сауық орталықтарының бірінде орнатты. Қазір қалада электрлі көліктерді қуаттайтын 200-дей станса бар, жақын арада олардың санын тағы көбейту жоспарланған. Қазір "Blue Sky Energy" Алматы маңындағы ұлттық парктер мен корпоративтік клиенттермен серіктестік орнату туралы келіссөздер жүргізуде. Нариманның сөзінше, электротаксидің құны орташа нарықтық бағадан қымбат болмайды. Электротаксидің негізгі мақсаты – тұрғындардың назарын қаланың қоршаған ортасын аялауға аудару.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2020-09/thumbs/1599474610_2.jpeg

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз