Жаңалықтар тізбегі
0

Конституциялық Кеңес "Негізгі Заң аптасы" жобасын іске қосты

reactor.inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.08.2020 22:01 reactor.inform.kz
Жобаның мақсаты – қоғам мен мемлекетті жаңғыртудағы Конституцияның рөлін терең ұғыну, Негізгі Заңға халықтың кең ауқымының назарын аудару, Рухани Жаңғыру жалпыұлттық бағдарламасы шеңберінде қоғамның конституциялық мәдениетін арттыру.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұлттық іс-шаралар жоспары шеңберінде Конституциялық Кеңес биылғы жылдың 24 тамыздан бастап 30 тамыз аралығында "Негізгі Заң аптасы" жобасын өткізеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Жобаның мақсаты – қоғам мен мемлекетті жаңғыртудағы Конституцияның рөлін терең ұғыну, Негізгі Заңға халықтың кең ауқымының назарын аудару, Рухани Жаңғыру жалпыұлттық бағдарламасы шеңберінде қоғамның конституциялық мәдениетін арттыру.

Конституциялық Кеңестің негізгі серіктестері Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер
палатасы және басқа да ұйымдар. Осы жоба шеңберінде бүкіл ел бойынша онлайн конференциялар, дөңгелек үстелдер, тегін заң консультациялары, вебинарлар, БАҚ-та сөз сөйлеу, қайырымдылық акциялары, жаңа объектілерді пайдалануға беру, пәтерлердің кілттерін табыс ету және басқа да іс-шаралар ұйымдастырылатын болады.

Жоспарланатын іс-шараларға отандық және шетелдік сарапшылардың қатысуы көзделген. Мәселен, 26-27 тамызда Азиялық конституциялық соттар және баламалы институттар қауымдастығының отырыстары мен Конгресі, сондай-ақ Конституциялық бақылау органдарының Еуразиялық қауымдастығы мүшелерінің кездесуі өтеді.

Бағдарламада Негізгі Заңның кезекті жылдығына орай шығарылған кітаптардың таныстырылымы, Қазақстандағы конституциялық құрылыстың кезеңдері туралы көрме көзделген.

Іс-шаралар күнтізбесін бірлесіп ұйымдастырушылардың сайттарынан табуға болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: