Бүгін "Жолаушылар тасымалы" АҚ Бас директоры Питер Штурмның брифингі өтіп, онда ол компанияның ағымдағы жылдағы жұмысының негізгі кезендерін айтып берді және жуық арадағы перспективті жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазіргі кезде Ұлттық тасымалдаушы Deutsche Bahn-мен бірлесе өзгерістерді басқару, жолаушылар үшін көрсетілетін қызмет сапасын арттыру мен клиеткемойынбұру, операциялық тиімділік, маркетинг пен сатылымдар, жолаушылар жылжымалы құрамдарын дамыту жөніндегі жобаларды жүзеге асыруда.
П. Штурм өз сөзінде "Жолаушылар тасымалы" АҚ жұмысын жақсарту үшін барлық күш-жігерін салатындығын атап көрсетті:
- Компания бұдан да клиентке бағдарланған, ал әрбір жолаушы біздің назарымызда болуы тиіс. Біздің мақсатымыз – әрбір клиентті есту, және де біздің қызметімізді оның қажеттіліктеріне орай қайта бағдарлау.
Сервистік қызмет сапасын арттыру мақсатында екі стандарт әзірленді: жолаушылар пойыздарын санитарлық-гигиеналық құралдармен жабдықтау мен ішкі клининг және жолаушылар пойыздарын жабдықтау.
Вагон паркіне қызмет көрсету мен пайдалану, қамтамасыз ету, сатып алу бойынша 2020-2029 жылдарға жолаушылар жылжымалы құрамдарын жаңарту стратегиясы жүзеге асырылуда. Стратегия шеңберінде 469 дана жаңа жолаушылар вагоны және 26 вагон-электростанция сатып алу жоспарлануда.
Жақын уақытта компания әжетханалар кешенін жаңартуға кіріседі. Жолаушылар вагондарының ескі стандартты санитарлық тораптары бөлшектеніп алынады және де жаңа желдеткішпен, жарықпен, қол жуғышпен, әжетханамен, қабырға панелімен және өзгелерімен жарақтандырылған жаңа санитарлық модулдар орнатылады. Алты айда 564 стандартты жолаушылар вагондарында 1 128 санитарных торап алмастыру жоспарланған.
Билеттерді онлайн сатуды жетілдіру бойынша да шаралар қабылданды. Ағымдағы жылдың маусымында әлеуметтік маңызды пойыздарға билет құнының 50% жеңілдікпен жол жүру құжаттарын (билеттерді) BILET.RAILWAYS.KZ сайтынан рәсімдеуге болатын "Мейірім" электрондық дисконт-картасымен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жаңа қызмет іске қосылды. Картаны қажетті құжаттары қолда болса "Жолаушылар тасымалы" АҚ билет кассаларынан алуға болады. Бүгінгі күнге дейін әр түрлі топтағы мүмкіндігі шектеулі мыңдаған жолаушы билеттерін рәсімдеген. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың тамызында BILET.RAILWAYS.KZ сайтынан билет сатып алғанда Kaspi.kz арқылы төлеу мүмкіндігі пайда болды.
Ағымдағы жылдың 15 мамырында жолаушылар тасымалын іске қосқан кезден бастап 3 млн. 318 мың 339 билет сатылса, солардың ішінде 663817 билеті кері қайтарылды.
Жол жүру құжаттары (билеттерді) мен ақшаны қайтаруға қатысты жолаушылардың өтініштеріне орай 2020 жылдың 3 қыркүйегінде қабылдау және өтініштерді жедел өндеу үшін WhatsApp +7-707-270-36-64 мессенджері іске қосылды.
Жолаушылар пойыздарындағы сервисті жақсарту үшін тасымалдаушы озық идеялар мен ұсыныстарға арналған "Адал қызмет" онлайн жобасын іске қосуда.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ Бас директоры Питер Штурм атап кеткендей, ол ең жақсы деген идея авторларымен жеке кездесіп, олардың ұсыныстарын талқылауға әзір.
- Эпидемиологиялық жағдай мүмкіндік берісімен, біз клиенттермен тікелей байланысқа шыққымыз келеді. Телеграм мессенджері арқылы клиенттер арасында сауалнама өткізу біздің жоспарымызда бар. Сондай-ақ әр клиент маған өзінің ұсынысын passenger@railways.kz электрондық адресіне 2020 жылдың 31 қазанына дейін жолдай алады. Біз компания жұмысын жақсарту жөніндегі барлық ұсынымдарды қараймыз.
Штурм компанияның клиенткебағдарлану мен бәсекелестікті арттыру жөніндегі басталған "Өз класында ең жақсы" жаңартулары жалғасын табатындығына сендірді.