Азық-түлік бағасын заңсыз көтерген 180 кәсіпкер жазаға тартылды

Pixabay
Төтенше жағдай кезінде тоғыз әлеуметтік маңызы бар тауарларға шекті баға белгіленді.

Үкімет отырысында ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов ішкі сауда субъектілері бөлшек сауда бағаларының шекті деңгейіне сәйкестігін қалай қадағалайтынын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

- Бағаны тұрақтандыру үшін сауда және интеграция, ұлттық экономика және ауылшаруашылық министрліктерінің бірлескен бұйрығымен төтенше жағдай кезінде тоғыз әлеуметтік маңызы бар тауарларға шекті баға белгіленді. Сонымен қатар, министрлік әкімдіктерге ішкі сауда субъектілерінің бөлшек сауда бағаларының шекті мөлшерін сақтауын бақылау бойынша ұсыныстар жіберді. Осы ұсыныстарды орындау үшін әкімдіктер мен министрліктің аумақтық бөлімшелері тұрақты түрде мониторинг жүргізеді, сол жұмыстың қортыныдысы бойынша 180 әкімшілік айыппұл салынды, - деді Сұлтанов.

Ол биыл 22 наурыздан бастап төтенше режим кезеңінде 7 тауардың экспортына тыйым салынған жеткізді. Олар - қарақұмық, қант, картоп, пияз (сарымсақ), күнбағыс тұқымы, күнбағыс майы, қарақұмық жармасы. Сондай-ақ министр сәбіз, алшын, қызылша, қырыққабат, бидай ұны және жұмсақ бидайдың ай сайынғы экспортын квоталауға да тыйым салынғанын еске салды.

- Сонымен қатар, биылғы жылдың наурыз айынан қыркүйек айына дейін бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын әкелу мен сату кезінде қосымша құн салығының ставкасы 12% -дан 8% -ға дейін төмендетілді, - деп қорытындылады өз сөзін министр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты