Нұрлан Нығматулин ТүркПА Бас хатшысын қабылдады

Мәжілістің баспасөз қызметі
Жүздесу барысында тараптар түркітілдес елдер парламентшілерінің кең ауқымды мәселелер бойынша одан әрі жемісті жұмыс істейтініне сенім білдірді.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсуповпен кездесті. Кездесу барысында X пленарлық отырысқа дайындық мәселелері талқыланды, деп хабарлдайды zakon.kz.

Парламент өкілдерінің форумын өткізу биыл Қазақстанда жоспарланған болатын. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты оны өткізу келесі жылға ауыстырылды.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин келешекте аталған індетке байланысты жағдайдың тұрақтанып, түркітілдес елдердің Парламент өкілдеріне ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен оның перспективалық бағыттарын толық ауқымды форматта талқылауға мүмкіндік болатынына сенім білдірді.

Өз кезегінде ТүркПА Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсупов Ассамблеяның қызметі туралы хабардар етіп, оның жұмысы қазіргі жағдайларға бейімделгенін атап өтті. Мәселен, ТүркПА-ға мүше Парламент депутаттары, ең алдымен, денсаулық сақтау саласы мәселелері бойынша өзара белсенді іс-қимыл жасауда.

Жүздесу барысында тараптар түркітілдес елдер парламентшілерінің кең ауқымды мәселелер бойынша одан әрі жемісті жұмыс істейтініне сенім білдірді.


Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті

Дүйсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады