2020 жылдың 31 шілдесіндегі мәлімет бойынша, Қырғызстанның сыртқы қарызы 4 млрд 169 млн 600 мың доллар болды. Бұл туралы қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Министрлік "сыртқы қарызды азайту үшін үсдіксіз жұмыс жасап жатқанын" хабарлаған. 2019 жылдың аяғында елдің сыртқы қарызы жалпы ішкі өнімнің 45,5 пайызына дейін азайған, алайда биыл коронавирус пандемиясына байланысты сыртқы қарыз ЖІӨ-нің 56,2 пайызына дейін жеткен, деп жазады centralasian.org.
Бұған дейін депутаттар биыл елдің сыртқы қарызы 1 млрд долларға артты деп мәлімдеген. Қаржы министрлігі бұны жоққа шығарып, үкімет биыл шетелден 337 млн доллар қарыз алғанын, соның 269 млн доллары несие екенін хабарлады.
Биыл қаңтардан тамызға дейін сыртқы қарызды жабу үшін республикалық бюджеттен 8 млрд 852 млн сом бөлінген. Болжам бойынша, 2020 жылыдң соңында республикалың сыртқы қарызы 4 млрд 323 млн 600 мың доллар болады.