Елімізде карантин жарияланған кезден бастап Алматы қаласының тергеу изоляторынан 1000-нан астам адам босатылды, деп хабарлайды zakon.kz Алматы қаласы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
27 наурыздан бері сот отырысымен бірге қорғаушылармен, сот тергеуі органдарымен, туыстарымен кездесудің барлық түрі бейнеконференц байланыс құралдары арқылы жүзеге асырылды. ЛА-155/18 түзеу мекемесінде (тергеу изоляторы) интернеттің 8 мб/с өткізу қабылеті 25 мб/с –ке ауыстырылды. ІТ маманы бөлінді.
Бір жұмыс күні ішінде орта есеппен 50-ден 80-ге дейін отырыс өткізіледі, карантин жарияланған күннен бастап қазірге дейін 10 000-нан астам отырыс өткізілді.
Қазіргі таңда аталған мекемеде стационарлы 24 компьютер орнатылды. Тергеу корпусында 24 камера бөлінді, бұл орайда бір ғимаратта бірнеше бейнеконференцбайланысты бірден өткізуге болмайтыны, керісінше кейбір сот отырыстарына бір қылмыстық іс бойынша бірнеше сотталушы қатыса алатыны ескерілді.
Жыл басынан бері Алматы қаласындағы тергеу изоляторында қылмыс жасаған 4000-дай адам отырды.
"Бүгін соттар, прокурорлар, ҚАЖ департаменті мен мекемелердің басшылығы тергеу изоляторына жиналып, карантин жағдайында сот отырыстарын бейнеконференц режимінде өткізуге байланысты өзара әрекет мәселесін талқылады. Пандемия бізді қызметтің көптеген бағыттарын қайта қарауға мәжбүрлеп, тек мемлекеттік органдармен қалыптасқан өзара нақты іс-қимылдың қылмыстық істің барысына оң әсер ететіні, сол арқылы тергеу тұтқынындағылардың құқықтары сақталады", - деді Алматы қаласы бойынша ҚАЖД бастығы Дархан Қанатбеков.