Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бұйрығымен Президент Әкімшілігінің келісімімен Мақсат Қиқымов Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.
Мақсат Қиқымов 1986 жылы туған. Ол Банк академиясы колледжінің, Алматы экономика және статистика академиясының, "Тұран" университетінің түлегі.
Қаржы, мұнай және мемлекеттік секторларда жалпы 15 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар.
Еңбек жолын 2005 жылы "Альянс Банк" АҚ Алматы филиалының бухгалтерлік есеп және есеп беру бөлімінің маманы болып бастаған.
2006-2012 жылдар аралығында "Альянс Банк" АҚ Алматы қаласындағы филиалында бас есепшінің орынбасары, бас есепші, бэк офис менеджері, "Банк Астана-финанс" АҚ Алматы филиалының бас есепшісі, "Трансервис-Миллениум" ЖШС қаржы директоры болып жұмыс істеді. "Кредит Алтын Банк" АҚ әдістеме бөлімінің бастығы, әдістеме және автоматтандыру және бизнес-процестер бөлімінің бастығы, бас есепші – Басқарма мүшесі, "Bank RBK" АҚ Банктік технологиялар департаменті директорының орынбасары болған.
2012-2015 жылдар аралығында Алматы қаласы қаржы басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.
2015 жылдың шілдесінен 2017 жылдың қыркүйегіне дейін Алматы қаласы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы лауазымын атқарды.
2017 жылдың қыркүйегінен 2018 жылдың шілдесіне дейін Алматы қаласы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму бөлімінің басшысы.
2018 жылдың шілдесінен 2019 жылдың шілдесіне дейін Алматы қаласы туризм басқармасының басшысы.
2019 жылдың шілдесінен бастап Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі қызметін атқарды.
Өзге де лауазымдары.
2016 жылғы наурыздан бастап 2019 жылғы қаңтарға дейін – Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі.
2017 жылдың қазанынан 2018 жылдың тамызына дейін – "Алматы" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.
2012 – 2015 жылдар аралығында – "Алматы қаласын дамыту орталығы" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, "Алматытеплокоммунэнерго" ЖШС бақылаушы кеңесінің мүшесі, "Алматы жылу желілері" ЖШС бақылаушы кеңесінің төрағасы.
"ҚР үздік мемлекеттік қызметкері – 2018" республикалық байқауының жеңімпазы.
"Қазақстанның үздік қаржыгері" медалімен (2014), "Құрмет" орденімен (2016), "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл" мерейтойлық медалімен (2016), "Қазақстан Республикасы Конституциясына 25 жыл" мерейтойлық медалімен (2020) марапатталған.