Түлкібастың алмасы Еуропада брендке айналайын деп тұр

Түркістан облысында алма теру науқаны басталды.

Түлкібас ауданының бағбандары биыл рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп, аудан бойынша 30 мың тонна өнім жинағандарын айтады. Жыл соңына дейін оның саны тағы да артуы мүмкін, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Жағалай отырғызылған жеміс ағашында биыл алма самсап тұр. Оны жинауға Түлкібас ауданындағы Ақбиік, Абайыл және Шақпақ баба ауылдарының 150-ге тарта азаматы жұмылдырылған.

Ержан Жуасбаев, Ақбиік ауылының тұрғыны:

"Жылда жақсы болады, жаман емес. Көріп тұрсыздар, жақсы алма өнімдер жақсы".

Әрбір жұмысшы орта есеппен күніне 7 мың теңгеге дейін табыс табамыз дейді. Неғұрлым жеміс мол өнім берсе, соғырлым табыс та көп болады екен.



Алманы тек қана жұлып ала салуға болмайды. Өйткені, бұған біріншіден саусақтың ізі түсуі мүмкін. Екіншіден, сабағын бұрап, жоғары қарай көтеріп үзіп алмасаңыз, бұтаққа зардабын тигізуіңіз мүмкін.

Бақыт Құрманбеков алма өсірудің нағыз маманы. Ол осыдан 7 жыл бұрын серіктестік ашып, қазір бас аяғы 190 гектар алқапқа бау еккен. Мұнда Гала, Фуджи, Стар Кримсон, Легалина, секілді алманың 12 түрі өсіп тұр. Бағбанның айтуынша, Түркия мен Польша сынды алдыңғы қатарлы мемлекеттердің озық үлгілерін пайдаланады екен. Осы күні шаруашылық есебінен маман дайындауды қолға алған. Шымкенттегі жоғары оқу орны студенттерін тәжірбиеден өткізіп, үйретіп жүр.



Бақыт Құрманбеков, шаруа қожалығының басшысы:

"Арнайы курста 3 ай оқытамыз. Олаға практика жүзінде әр ағашқа жақындап, оны қалай кесу керек, оны қалай тәрбиелеу кереконы қалай күтіп-баптау керек екенін қарап, көрсетіп, үйретіп, соған қарап, жұмысқа жібереміз".

Ел арасында "қызыл жұлдыз" аталып кеткен алманың түрі бұл. Еуропада басқаша аталады екен. Міне, көрсеңіз көзіңіз тоймайды, жесеңіз дәмі тіл үйіреді. Ал, сапасы еуропадан әлдеқайда күшті.

Жиналған өнімді 2 мың тонналық қоймада сақтайды. Осы жерде сұраптап, қорапқа салып, сауда орындарына жөнелтеді. Әзірше, тек еліміздің әр қаласына ғана жіберіп жатыр екен. Ал, келешекте шетелге экспорттауды көздеп отыр.

Жалпы, Түлкібас ауданында алма өсіруді дамыту бойынша арнайы бағдарлама қабылданған. Осыған сәйкес, баудың көлемін 2.5 мың гектарға ұлғайтып, өнім көлемін биыл 33 мың тоннаға жеткізу көзделген. Бұл рекордтық көрсеткіш екен.

Абылай Төлепбергенов, аудандық ауылшаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі:

"Кезінде аты шыққан Түлкібастың алмасы, соның ішінде апорт сортын қайтадан Түлкібасың брендіне айналдыру мақсаты қойылған. Сол бағытта жұмыстар атқарылып жатыр".

Расында, Түлкібасың алмасын ел мақтайды. Кеңес заманында сонау мәскеуге дейін жеткізіліп тұрған. Сол межені енді аудан әкімдігі қайта жаңғыртпақшы. Өйткені, бұл өңірдің ауа райы қоңыр салқын, алма бау, жеміс ағаштарын өсіруге өте қолайлы.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: