Questra және Asset қаржы пирамидаларынан зардап шеккендердің полицияға хабарласуын сұрайды

Olymp Trade
Ел аумағында алаяқтардан мыңдаған қазақстандық зардап шекті, оларға келген шығын 1 млрд теңгеден асып түскен.

ІІМ Тергеу департаменті Қазақстанның және басқа елдердің жекелеген азаматтарына қатысты 2016-2017 жылдары ел аумағында "Questra Holding ins", "Questra World", "Atlantic Global Asset Management", "five Winds Asset Managent" атты қаржы пирамидасын құру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаржы пирамидасының басшылары интернет желілерінде веб-сайттар құрып, ойдан шығарылған түрлі инвестициялық портфельдер сатқан. Алаяқтар портфельдің мерзімі аяқталғанда 300% дейін пайда табасыз деп жалған уәделер берген.

Ел аумағында алаяқтардан мыңдаған қазақстандық зардап шекті, оларға келген шығын 1 млрд теңгеден асып түскен.

Тамыз айында қаржы пирамидасы басшыларының бірі, Ресей азаматы Ольга Клейнард Беларусь елінен экстрадицияланды және сотқа дейінгі тергеу қайта басталды.

Осыған байланысты тергеу органы "Questra Holding ins", "Questra World", "Atlantic Global Asset Management", "five Winds Asset Managent" компаниялар тобының алаяқтық қызметінен зардап шеккендердің барлығын ІІМ-ге (Нұр-сұлтан қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 1) немесе тұрғылықты жері бойынша полиция департаменттеріне хабарласуды сұрайды.

Ішкі істер министрлігі азаматтарды сергек болуға және оңай және тез пайда табу туралы уәделерге сенбеуге және осындай жағдайлардың барлығын дереу полиция органдарына хабарлауға шақырады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты