Алматыдағы дүкен сөрелерінен құрамында ГМО-сы көп кеспе мен печенье алынды

pxhere.com
ГМО қатерлі ісіктердің пайда болу қаупін, балалар мен жасөспірімдерде өсудің тежелуін, сондай-ақ аллергиялық аурулардың пайда болу қаупін арттырады.

ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша Ұлттық сараптама орталығының мамандары Оңтүстік Кореядан келген "Джин Рамен" тез дайындалатын кеспесінің 3 үлгісін және "Butter Соокіеѕ Danish Pride" түрік печеньесінің бірін зерттеу барысында ГМО мөлшерінің артық көрсеткішін анықтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы қаласының Nауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті өнім қауіпсіздігін бақылау аясында 89 тамақ өнімдерін сатып алып, сынамасын Ұлттық сараптама орталығының зертханасына жолдады.

"Зертханалық зерттеулер көрсеткендей, кеспедегі гендік түрлендірілген сояның құрамы 1,4%-дан 10,25% - ға дейін, печеньеде 47,75% - дан асады. Бұл ретте өндірушілердің таңбаларында көрсетілген өнімдердегі гендік түрлендірілген ингредиенттердің құрамы туралы ақпарат жоқ. Тамақ өнімдеріндегі ГМО құрамының рұқсат етілген нормасы "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 021/2011 ж.) Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес 0,9% - дан аспайтынын атап өткен жөн", делінген орталық хабарламасында.

Өнімді өткізушілер "Барыс-4" және "Ақбұлақ" көтерме сауда базарларында оның қауіпсіздігін растайтын құжаттарсыз сатып алды. Аталған фактілер бойынша Алматы қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті сауда желісіндегі сәйкес емес өнімді анықтау және оны сатудан алып тастау бойынша іс-шаралар жүргізуде.

Өздеріңіз білетіндей, ГМО қатерлі ісіктердің пайда болу қаупін, балалар мен жасөспірімдерде өсудің тежелуін, сондай-ақ аллергиялық аурулардың пайда болу қаупін арттырады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты