Қазақстан өлім жазасын ресми түрде жойды

ugolovka.com
Қазақстанда өлім жазасын қолдануға 2003 жылы ҚР Президентінің мораторийі енгізілген.

Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров өлім жазасын жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге екінші Факультативтік хаттамаға қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

Сол күні өлім жазасын жою туралы халықаралық Хаттамаға қосылу туралы шешімді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-ші мерейтойлық сессиясының жалпы саяси пікірталас барасында сөйлеген сөзінде жариялады. Ол Қазақстан өмір сүру мен адами қадір-қасиетке негізделген құқықты жүзеге асыруға бекем екенін атап өтті.

2019 жылдың желтоқсанында Қазақстан Президенті елдегі саяси реформаларды жүзеге асыру аясында Сыртқы істер министрлігіне азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің екінші Факультативтік хаттамасына қосылу рәсімін бастауды тапсырды.

– Бұл халықаралық құжатқа қол қою өлім жазасын қолдану аясын біртіндеп тарылту және қылмыстық заңнаманы ізгілендіру бағытының жалғасы болып табылады. Қазақстан Республикасында өлім жазасын қолдану ҚР Президентінің 2003 жылы тиісті мораторий енгізу туралы Жарлығымен толығымен тоқтатылды, – делінеді ҚР Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек