Ұлттық экономика вице-министрі Президент әкімшілігіндегі лауазымды қызметке тағайындалды

Ақорда
Бұл туралы Жарлық Ақордада жарияланды.

Мәди Такиев жаңа лауазымды қызметке тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Мемлекет басшысының өкімімен Мәди Төкешұлы Такиев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды", делінген Ақорда хабарламасында.

Бұған дейін бұл қызметті Мақсат Мұқанов атқарған. Оның бұл қызметтен босатылғаны туралы алдында ғана жарияланды.

"Мемлекет басшысының өкімімен Мақсат Нұрдәулетұлы Мұханов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Мәди Такиев 1978 жылы 1 сәуірде Алматы облысын Бақанас ауылында дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік басқару академиясын "Бухгалтерлік есеп және аудит" мамандығы бойынша (1998); Д. Қонаев атындағы Гуманитарлық университетті "Құқықтану" мамандығы бойынша (2005); Халықаралық бизнес университетін "Іскерлік әкімшілендіру магистрі" дәрежесі бойынша (2011) бітірген.

Еңбек жолы:

Ғылым министрлігі - ҚР Ғылым академиясының Мемлекет және құқық институтының бас есепшісі (1998-2000);

Алматы қаласының Салық комитетінде инспектор, жетекші инспектор, бас салық инспекторы, ШКС-мен жұмыс, аудит бөлімінің басшысы (2000-2008);

Алматы облысы бойынша Салық департаментінің акциздерді әкімшілендіру бөлімі, басқармасы басшысы (2008-2009);

Алматы қаласы бойынша салық департаменті басшысының орынбасары (2009-2012);

ҚР ҚМ Салық комитетінің басқарма басшысы (2012-2013);

Ұлттық экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Салық және кеден саясаты департаментінің директоры (2013-2014);

ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Әлеуметтік-экономикалық бөлімінің бас сарапшысы (2014);

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы (2014-2017);

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Салықтық бақылау департаментінің директоры-Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы (2017-2019),

Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі (2019-2020).



Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды