Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысының әкімін қабылдады

Ақорда
Президент Ғали Есқаиевке түбегейлі шешімді қажет ететін бірқатар тапсырма берді.

Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевті қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президентіне өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері, сондай-ақ, бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жайық өзеніндегі су деңгейінің төмендеуі, өңірдің энергияға тәуелділігі және жергілікті жолдардың жағдайы сияқты облыстағы негізгі мәселелер туралы мәлімет берілді. Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысының әкіміне Үкіметпен бірлесе отырып, аталған проблемаларды шешуді тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев етті мал шаруашылығын дамыту және осы бағытқа ғылыми тұрғыдан баса мән беру, мұнай мен газ өндіруге қатысы жоқ салаға тартылатын инвестицияны ұлғайту, өнеркәсіпті әртараптандыру, сондай-ақ, өңдеу секторының өндірісін арттыру жөнінде Ғали Есқалиевтің алдына бірқатар міндет қойды.

Мемлекет басшысы жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды экономикалық қызметке тартуды жалғастыруға, сонымен қатар аймақтағы үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептерге қатысты мәселелерді түбегейлі шешуге тапсырма берді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Тұрғынның ауласынан 18 келіден астам күміс табылды: ол викингтер дәуіріне тиесілі болып шықты